jasqazaq.kz

Ақтөбеде 4 жүкті келіншек коронавирустан көз жұмды

21 қыркүйек 2021, 10:42

Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт жүкті келіншек көз жұмды. Үшеуінің сәбиі аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде инфекциялық кереуеттер жүктемесі 43, ал реанимациялық кереует жүктемесі ​ 40 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге 1700-ден астам кереует резервте тұр. «Қазір ауруханадағы 800-ден астам науқастың 88-і жансақтау бөлімінде жатыр. Жыл басынан бері 521 адам көз жұмды. Оның 353-і коронавирус инфекциясы, өзгесі пневмониядан», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.

Облыс бойынша жыл басынан бері 4 жүкті әйел коронавирус инфекциясынан көз жұмған.

«Өкінішке қарай 26-38 жас аралығындағы төрт жүкті әйел көз жұмды. Олардың жүктілігі 34-36 апталық еді. Аман-есен өмірге келген үш баланы қазір туған-туыстары тәрбиелеп жатыр. Біреуі шетінен кетті. Жас аналардың созылмалы ауруы бар болған​ соң олардың​ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Олар семіздік, созылмалы холецистит, пиелонефрит ауруларына шалдыққан», — деді Айгүл Күштаева.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия