jasqazaq.kz

Ақтөбеде 4 геолог жоғалып кетті

27 қараша 2021, 15:48

Ақтөбеде төрт геолог жоғалып кетті. Кешеден бері олардан хабар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 қараша сағат 15:00-ден бастап (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Әйтеке би ауданы, Қайрақты ауылдық округі, Талдық ауылы маңынан 4 геологты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар 25 қараша күні сағат 10:30-да Қарабұтақ -Талдық — Қайыңды — Қайрақты ауылары бағыты бойынша «УАЗ» маркалы көлікпен шыққан. Соңғы рет 25 қараша күні сағат 18:00-де Талдық ауылына жете бергенде байланысқа шыққан. «Бүгінгі күні құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. 27-қараша күні сағат 11:00-де авиа іздеу үшін «Қазавиақұтқару» еврокоптері (Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай) ұшты»,- деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде