
Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен марқұм әйел бұрын таныс болған. Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстың себептері анықталуда.
Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.