jasqazaq.kz

Ақтөбеде 26 жастағы жігітті әлеуметтік желіде танысқан «қыз» үш млн теңгеге отырғызып кетті

09 наурыз 2022, 16:12

Ақтөбелік тұрғынды әлеуметтік желіде алдап, ақшасын жымқырған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті Айнұр деген атпен жалған профиль ашып, әлеуметтік желі арқылы жәбірленушімен байланысқа шыққан. Екеуара танысып, араласып, кейін алаяқ жәбірленушіден түрлі себептермен қарызға ақша алып отырған. Осылайша екі ай ішінде 26 жастағы жігіт үш млн теңге ақшасынан айырылды.

Полиция қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жас жігіт бұл әрекетін мойындады, ол әлеуметтік желіде жалған қыздың атын пайдаланып, профиль ашып, әртүрлі сылтаулармен жәбірленушіден қарызға ақша сұрағанын айтты.

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

«Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерге қырағы болуды, алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында өз ақшалары мен бағалы заттарын бейтаныс адамдарға бермеуді ескертеді. Сондай-ақ, банкинг қызметтеріндегі құпия сөздерді үнемі өзгертіп отырыңыз, төлем жүйелерінде бар қауіпсіздік шараларын қолданыңыз», — делінген өңірлік ПД хабарламасында.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді