jasqazaq.kz

Ақтөбеде 200-ге жуық көлік қар құрсауында қалды

04 қараша 2019, 15:52

Ақтөбеның Ырғыз ауданында күні-түні қар жауып, көліктер жолда қалып қойды. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

3 қараша күні сағат 18:33-те «Самара – Шымкент» тасжолының 1153-1240 шақырымы аралығында көліктердің қар құрсауында қалғаны хабарланды. Ырғыз ауданы Қалыбай ауылы маңында жүк көліктерімен қатар жеңіл көліктер тұрып қалған. «Шамамен 200-ге жуық көлік жолда тоқтап қалған. Оның 70-і — жеңіл көлік болса, біреуі — 15 жолаушысы бар автобус. Барлығы 125 жүк көлігі де бар. Қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Айта кетейік, жолда қалғандар арасында өзге елдің азаматтары да бар. Құтқарылған адамдар жақын маңдағы жылыту орындарына жеткізіліп жатыр. ТЖД әзірге құтқару жұмыстарына қанша адам жұмылдырылғанын айта алмады. Құтқарылғандар арасында балалар да бар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда