jasqazaq.kz

Ақтөбеде 200-ден астам мемлекеттік қызметшінің орны бос тұр

14 ақпан 2020, 10:26

Ақтөбеде мемлекеттік қызметте 272 бос жұмыс орны бар. Көбіне ауылға маман қажет.

Әдеп жөніндегі кеңес пен уәкілдердің атқаратын рөлі орасан зор. Олардың жұмысы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытталған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департамент басшысы Әділбек Мұқашевтің айтуынша, алдын алу шаралары мемлекеттік қызметшілер тәртібін жақсатуға ықпал етті. «Жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері атқарған жұмысы нәтижесінде әдеп нормаларын бұзу 2018 жылмен салыстырғанда 28 пайызға, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың саны 35% азайған. Аталған өзгерістер қоғамның белсенді азаматтық ұстанымына да байланысты. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарады», — деді Ә. Мұқашев. Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілерге қатысты 26 тәртіптік іс қаралып, 21 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Шалғай ауылдарда кадр тапшылығы бар. Облыста 272 мемлекеттік қызметшінің орны бос. Дегенмен кадрлардың мемлекеттік қызметтен кетуі төмендеген. Гендерлік саясат сақталуда. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 58,1% құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы — 39,3 жас. Орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 10,7 жыл. Атқаратын лауазымдағы орташа еңбек өтілі 4 жылды құрайды. Жыл сайын білім сапасы жақсаруда. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 89,5% — жоғары білімді, 16% немесе 685 қызметшінің екі және одан да көп жоғары білімі бар. 73-і немесе 1,7% шетелде білім алған», — деді Ә. Мұқашев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия