jasqazaq.kz

Ақтөбеде 19 жастағы бозбала суға батып кетті

02 шiлде 2021, 15:25

Ақтөбеде жүзе алмайтын тағы бір тұрғын суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінде қайғылы жағдай тіркелді. «Миа» жеке жағажайына достарымен демалуға барған бозбала суға түсіп, жағаға шыға алмай қалды. Ол жүзе алмаған. Денесін құтқарушылар 2,5 метр тереңдіктен алып шықты. «Жыл басынан бері облыс аумағында 13 адам, оның ішінде 3 бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Өткен жылға қарағанда өсім бар»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған дейін де суда жүзе алмайтын ақтөбелік жағаға шыға алмай, мерт болды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия