jasqazaq.kz

Ақтөбеде 16 казино ашып, табыс тауып келген қылмыстық топ сотталды (Видео)

06 желтоқсан 2021, 11:47

Ақтөбе облысында заңсыз құмар ойындарға қатысы бар қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құмар ойын бизнесі — өзінің кірістілігіне байланысты әрдайым ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін қаржыландырудың қуатты көздерінің бірі болып келді. Ойын бизнесі есебінен қылмыстық топ өзінің қылмыстық әрекетінің басқа түрлерін қаржыландырады. Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру деректерінің, сондай-ақ қылмыстық топтар қызметінің жолын кесуде. Мысалы, Ақтөбе облысында аумақтық департамент қызметкерлері құрамында 10 адам — А.Әбубәкіров, З.Әміржанов, А.Дүймұханова, А.Бекназаров, Т.Ізбағанбетов, Ж.Еспамбетов, А.Матаюпов, Қ.Сағынтаев, А.Таржанов, Р.Шаграев бар ұйымдасқан қылмыстық топты жойды.

Оның мүшелерінің рөлдері «бақылаушы-менеджерлер» (оператор-кассирлерді бақылау) және «ойын терминалдарының бақылаушы-менеджерлері» (ақша қаражатын инкассациялау) болып бөлінді. Қылмыстық топ Ақтөбе облысының аумағында «Stavkabet.kz» букмекерлік кеңсе түрінде 16 заңсыз ойын мекемесін — электрондық казино ұйымдастырды Барлық тәркіленіп алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылған. ҰҚТ-ның барлық мүшелері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде