jasqazaq.kz

Ақтөбеде 114 оқушы орамалын шешті

13 қантар 2018, 13:42

Ақтөбедегі орамалға қатысты жағдай тек қалада емес, аудан орталықтарында да жақсы емес. Жағдайдың ушыққанын жергілікті билік енді ғана түсінді ме, әйтеуір кешеден бері теологтар мен полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін тізіммен аралап жүр. Олар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Алайда әзірге одан шыға қойған еш нәтиже жоқ.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Террористік қақтығыстарды көздерімен көріп, қорқып қалған ақтөбеліктердің үрейі тым күшті. Қазір өңірдегі жағдайды жергілікті әкімдіктегілермен бірге дін қызметкерлері де реттеуді бастады. Яғни дін жолында жүрген ата-аналармен мектеп формасына қатысты түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Облыстық дін істер басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша мектепке бастарын бүркеп келетін 394 оқушының қазір 114-і орамалдарын шешкен. Алайда дін қызметкерлері сол оқушылардың 75 пайызы балиғат жасқа толмаған қыздар екенін айтады. Және бұл мәселе еліміздегі Дінге қатысты заңдарға өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана бір жағынан шешілуге тиіс деп отыр.

“Исламда үш адамды жауапқа тартуға болмайды. Біріншісі балиғат жасқа толмаған бала. Екіншісі ұйқыда жатқан адам. Үшіншісі ақыл есі кем адам. Осы үш адамды жауапқа тартуға болмайды. Және ол міндеттелмейді де. Бес жасар балаға орамал таққызып қойған. Бұл ата-аналардың сұрап отырғандары, талап етіп отырғандары исламның да заңында жоқ нәрсе”, – дейді Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы басшысы Жолдас Қалмағанбетов.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды