jasqazaq.kz

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы менингит жұқтырған

05 желтоқсан 2018, 10:39

Ақтөбеде мектеп оқушысы менингит жұқтырды — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, №20 мектептің 11-сынып оқушысы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір онымен араласқан оқушылар мен ұстаздар дәрігерлік тексерістен өтіп жатыр екен. Ол бір күн бұрын денесі бөртіп, дене температурасы көтеріліп, ауруханаға жеткізілген. Кейіннен дәрігерлер одан менингит дертін анықтапты. «Жағдайы ауыр, қалыпты жағдайдағы ауыр болып тұр. Бізге оны жедел жәрдеммен жеткізді. Қатты дене қызуы, бас ауруы мен денесінде бөртпесі болды. Іріңді менингит деп отырмыз. Ақтөбеде жыл басынан бері алты менингит дерті тіркелді. Ал күні бұрын вирус анықталған мектепте бәріне бетперде кию керегі айтылды», — дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева. № 20 мектептің директоры Бағдат Орымбаеваның айтуынша, қазір сыныпта карантин жарияланды. «Ол сыныпта карантин жарияланды. Яғни балалар ол кабинеттен шықпайды. Оқу процесі кезінде дене шынықтыру, технология сабақтары да кабинетте өтеді. Араласқан адамдар ретінде сол сыныптың мұғалімдері мен оқушылары сараптама тапсыруға дәрігерге жіберілді», — дейді мектеп директоры Орымбаева.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді