jasqazaq.kz

Ақтөбе тұрғыны БТР техникасын сатпақ болды

10 желтоқсан 2021, 13:09

Ақтөбе полициясы БТР техникасын сатпақ болған адамды анықтады. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.

«Ақтөбе облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өрлеу ауылындағы карьердің аумағында қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ «БТР-60» техникасын тапты. Техниканың карьер инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам оны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажет болмаған соң қайта сатпақ болғанын айтты. Нақтыласам, бұл — атуға арналған әскери техника емес, жай қаңқасы ғана. Ресейден алған», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, тіркелді. «БТР» Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.

Айта кетейік, бұған дейін де Ақтөбеде бір әскери техника табылды. Онда иесі техниканы металл қабылдау орнына өткізбек болды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде