jasqazaq.kz

Ақтөбе тұрғыны бөтен адамнан sms алған әйелінің қабырғасын сындырған

03 қантар 2021, 10:57

Ақтөбе тұрғыны бөтен адамнан sms алған әйелін ұрып тастаған. Әйелдің қабырғасы сынып, миы шайқалған, сонымен қатар өкпесі зақымданған. Бұл туралы «Диапазон» сайты хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, әйел күйеуін кешірген және оны жазаламауды сұраған.

Тамақтану барысында ер адам бірнеше күн бұрын әйелінің телефонынан sms-хабарлама көргенін есіне түсіріп, жанжал шығарған. Әйел хабарлама жіберген адаммен екі рет кездескенін айтқанда, күйеуі оны ұра бастаған. Одан қорғанбақ болған әйел қолына балта алған. Дегенмен, ер адам темірі ұшып кеткен балтаның сабымен әйелді ұра бастаған. Әйел көршілеріне қашып кеткен.

Ақтөбе соты тұрғынның бостандығын 3,5 жылға шектеді, себебі әйел оған кешірім берді.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия