jasqazaq.kz

Ақтөбе су қоймасында балық неден қырылды? (видео)

02 маусым 2020, 20:11

Ақтөбе су қоймасында балық қырылып жатыр. Мамандар өзен жағасына шығып қалған шабақтардың неден өлгенін дөп басып айта алмады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Су жағасындағы қаптаған өлі балықтарды жергілікті тұрғындар байқап қалыпты. Олар дереу тиісті мекемелерге хабар берген. Жүздеген табан балықтың өлексесін жинап алып, зертханаға сынамаға өткізіпті. Дегенмен балық инспекциясындағылар бұған дейін Ақтөбе су қоймасында «балықтың бұлай қырылғанын көрмедік» деп отыр. «Суы мөлдір, табаны терең жерде ауа жетпей, не улануы мүмкін емес» — дегенді айтады.

Нұрболат Дүйсенов, Балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

— Сол жерде судың түсі мөлдір. Ешқандай жағымсыз иісі болған жоқ. Табан шабақтары сыртынан ешқандай белгілері болған жоқ. Облыстық ветеринарлық зертханаға және экология департаменті зертханасына балықтың өлекселері және су сынамалары тапсырылды. Келесі аптаның басында нәтижесі дайын болады.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия