jasqazaq.kz

Ақтөбе облысындағы шошқа фермасында тағы да шу шықты

12 сәуiр 2021, 18:11

 

Ақтөбеде экологияны ластады деп айыпталған шошқа фермасы тағы да дауға қалды. Бұл жолы кешен қызметкерлері кәсіпорынның кәріз жүйесін жабу туралы сот шешіміне қарсы шықты.

Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылы тұрғындарының шағымдары мен сот шешіміне қарамастан шошқа фермасының қызметкерлері өз наразылығын білдіруді жөн көрген. Олар екі автобусқа отырып, тікелей аймақ әкіміне бет алды. Редакциямызға олардың бірі полицейлер автобустарын тоқтатқанын, бірақ жиналғандар шеруді жалғастырғанын айтып берді.

«Олар кәріз сорғы жүйесін жауып тастады. Сіздер мұның не екенін түсінесіздер ме? Бұл фермада 4 мыңнан аса шошқа тұншығып қалады деген сөз. Бұл экологиялық апатпен тең. Шоттарды да бұғаттап тастады, енді олар бізге жалақы төлеуді тоқтатады. Біз бұл шешімге қарсымыз, соны әкімге айту үшін бара жатырмыз», — деді ол телефон арқылы. Есімін жасырын қалдыруды сұрады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері қызметкерлермен әкімнің орынбасары кездесіп, жағдайды түсіндіріп жатқанын айтты. Сонымен қатар, баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша әкімдіктің ресми ұстанымын да хабарлады. Онда өткен жылдың соңынан бастап «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС-да анықталған экологиялық, ветеринарлық және жер бұзушылықтарын жою үшін жеткілікті уақыт болғаны, алайда кәсіпорын басшылығы тиісті шаралар қабылдамағаны айтылған.
«Парижская коммуна ХХІ» ЖШС басшылығының кінәсінен Бестамақ ауылы ауданындағы шошқа фермасында мал өлімі басталуы мүмкін. Бестамақ ауылы ауданындағы шошқа фермасында сарқынды суларды және көң қоймасын ағызу қызметін тоқтата тұру туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін 9 сәуірде сот орындаушылары №1, 2, 3, 4 кәріздік сорғы жүйесіне мөр басу және көң қоймасының аумағына өтетін жерге темір-бетон блоктарын орналастыру бойынша іс-шаралар жүргізді. Еліміздің заңнамасына сәйкес, мал қырылса және қоршаған ортаға теріс әсер ететін басқа да салдар болған жағдайда «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС басшылығы толық жауапты болады», — делінген хабарламада.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия