jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан екі мектеп директоры көз жұмды

21 маусым 2021, 10:19

Ақтөбе облысында салонында төрт бірдей мектеп директоры отырған көлік жол апатына ұшырап, екеуі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 маусым күні кешкі сағат 20:20 шамасында Ойыл – Қобда автожолының 156 шақырымында болған.

Ойыл ауданының 102 телефонына көліктің аударылғаны туралы түскен хабарламада салонда жүргізушіні қоса алғанда 4 әйелдің болғаны айтылған.

Полиция дерегінше, Ойыл ауылынан Қобда ауылына жылжып келе жатқан Тoyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті басқара алмай қалған.

«Қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік сол жаққа қарай аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен Ойыл аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді», — делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мой ГОРОД» басылымының мәліметінше, қаза тапқандардың екеуі Ақтөбе қаласындағы №20 және №33 мектептердің директорлары болған. Басылым төрт әріптестің Ойыл ауданындағы қасиетті орындарға тәу еткен соң, үйлеріне қайтып бара жатқан кезде апатқа ұшырағанын жазады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия