jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі мерт болды

17 тамыз 2021, 15:31

16 тамыз күні сағат 19:15-те Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара-Шымкент автожолында (аудан орталығынан 90 шақырым жерде) бірнеше адамның өліміне әкеліп соққан жол апаты болды.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, 39 жастағы (Шалқар ауданының тұрғыны) Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі Қалыбай ауылына жақын жерде Қырғызстан азаматының басқаруындағы Volvo FH460 жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі, оның әйелі мен 11 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмып, 5 жасар ұлы мен 10 жастағы қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылған. Алайда, ауруханаға жеткізілген бес жасар ұлы да көз жұмды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Azattyq-ruhy

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия