jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды (Видео)

31 қантар 2022, 16:41

Самара-Шымкент тасжолында жүк және жеңіл көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 30 қаңткр күні сағат 19:20-да болды.

«Мерседес-ACTROS» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Хромтаудан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып, Өлке ауылы маңында метеорологиялық жағдайды ескермей, тайып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Camry-55» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Camry-55» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, тіркелді. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде