
22 тамыз күні кешкісін “Ақтөбе-Астрахань” тасжолында ірі жол апаты болды. 22 жастағы жігіт көлікті асығыс жүргізген.
Жас жігіт «Лада-Приора» көлігін облыс орталығынан Шұбарқұдыққа асыға жүргізеді, деп жазады Актобе Таймс.
Ол жол ережесін бұзып, қарсы бағытқа өтеді. Жолдың қарсы бағытында «Лада Ларгус» көлігімен соқтығсады. Ол көлікті 27 жастағы жігіт жүргізген.
Соның салдарынан оқиға орнында 4 адам мерт болды. «Лада-Приора» көлігіндегі екі жолаушы көз жұмды. Оның бірі ақтөбелік әйел, бірі Темір ауылының тұрғыны. Екінші көліктегі 18 жастағы қыз бен 2 айлық сәби мерт болды. Ереже бұзған жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін Атырауда жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан үш қызды көлік қағып кеткенін хабарлаған едік.