jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында жалған видео авторы ұсталды

26 наурыз 2020, 14:32

Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Бадамша ауылының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Ер адам өз үйінің ауласында қорғаныш киімдері мен бетперде киген адамдар балалар алаңында дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатқанын көрген. Оны видеоға түсіріп, оны «Бадамша ауылында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталды» деген комментариймен туыстарына таратқан. 34 жастағы ер азамат ұсталып, өз кінәсын толығымен мойындады. Факті бойынша оны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр. «Ақтөбе облысының Полиция департаменті жалған ақпарат тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, арандатушылық мәліметтерді анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілетіндігін ескертеді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 57-бабына сәйкес дүлей апат немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайға жатады», — делінген ақпаратта.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі