jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында үш жыл бойы құлдықта болған ер адам құтқарылды

28 ақпан 2022, 15:58

Ақтөбе облысында 48 жастағы тұрғын құлдықтан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек арнайы брифингте осындай мәлімет айтты.

«Ақтөбе облысында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 47 жастағы шаруа қожалығының басшысы ұсталды. Ол 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін 48 жастағы облыс тұрғынын күш көрсету және қорқыту арқылы жұмысқа салып келген. Ол көбінесе мал бағу мен үй шаруашылығындағы жұмыстарға жегілген. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр. Жәбірленуші қажетті көмек алу үшін дағдарыс орталығына орналастырылды», — деді ІІМ өкілі.

Ал Қызылорда облысында колледждің 2 курс студентін алдау арқылы апта бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталған.

«Ол интернетте интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар жариялап, кірістің жартысын иемденіп отырған. Сондай-ақ, криминалдық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалындағы көліктегі полиция департаментімен бірлесіп Өзбекстанда адам саудасы үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде