jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында су аралас мұнай жан-жаққа атқылап жатыр (Видео)

02 қараша 2022, 10:53

Ақтөбе облысында бұрғылау ұңғымасының құбыры жарылып, су аралас мұнай атқылап жатыр. Жан-жаққа жайылған қара алтын үш мың шаршы метрден аса аумақты ластаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқиға Кеңқияқ ауылының іргесіндегі мұнай кенішінде болды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қарасты цехтың айналасына су аралас мұнай жайылып жатыр. Оны тазартуды «Ақберен» деген компанияның жұмысшыларына жүктеген. Мамандардың айтуынша, ұңғымадағы құбыр бұрын дәнекерленген. Сол жері мүжіліп, кейін жарылып кеткен. Экологтар төгілген мұнайдың қоршаған ортаға қаншалықты зиян тигізгенін әзір айта алмайды. Тексеру қортындысынан соң мұнай компаниясына қандай жаза қолданылатыны және келтірген залал көлемі белгілі болмақ.

Тұрар Қожанов, Ақтөбе облысы экология департаментінің бөлім басшысы:

— Сынамалар алынып, ластанған жердің көлемі өлшенді. Департамент тарапынан СНПС АҚ-на «Ақтөбемұнайгаз» қоғамына жоспардан тыс экологиялық тексеріс тағайындалды. Апат себебі – бас бағанадағы дәнекерленген жер жарылып кеткен.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр