
Ақтөбе облысында орамал тағатын оқушы қызар келесі жылы қайта оқитын болады, деп хабарлайды Мой город.
Олар 1-6 сынып аралығындағы Ақтөбе мен Шалқардың 6 оқушысы. Қыздар қазан айынан бері сабаққа қатыспаған.
“Қыздардың кейбірі сабақты өте жақсы оқыған еді. Олар көп уақыт сабаққа бармағандықтан, келесі жылға қалдырылады. Ата-аналары мектеп формасын кигізуден бас тартты. Орамал таққан оқушы саны облыста 340 болатын. Қазір 6-уы ғана қалды. Ата-аналар үйінен оқытты. Кейіннен сауатын тексеріп, келесі жылға өткізді. Қалғандары аттестациядан 20 маусымға дейін өтеді. Егер өтпесе, келесі жылға қалдырылады”, – дейді облыстық білім басқармасындағылар.