jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызына бірнеше жерден пышақ салған

11 қазан 2022, 11:24

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 6 қазанға қараған түні қанды оқиға болды.

Ауыл мектебінің директоры өз үйінде әйелі мен қызына бірнеше жерден пышақ салған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жүкті әйелі мен сегіз жасар қызы пышақ жарақатынан зардап шеккен. Қанды оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. Полиция ер адамды дереу қамауға алып, тергеу жұмыстарын бастады.

«Шалқар облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғады. 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау шаралары аясында өзге мәліметтер жария етілмейді», — деді ПД Ақтөбе облысы бойынша баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр