jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол жабық

06 наурыз 2021, 10:26

Ақтөбе облысында кеше кешкілік 7 бағытта жол жабылды. Бүгін оның тек біреуі ашылды.

Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолының Белогорка-Қарабұтақ, Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай, Қарабұтақ-Ырғыз, Ақтөбе-Орск бағытының Ш.Қалдаяқов-РФ шекрасы, Солтүстік айналма жолы мен Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, РФ шекарасы мен Шымкент аралығының Құршасай ауылы-Батыс Қазақстан облысы аумағы жабылды. Бүгін тек Ақтөбе-Орынбор тасжолы ашық. «Самара — Шымкент тасжолында 800-ден астам жүк көлігі, 400-ге жуық жеңіл көлікте мыңнан астам адам қалып, олар жақын маңдағы кемпингке жеткізілді. Полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің көмегімен көбі діттеген жеріне жетті. Қарабұтақ ауылында 600 көлік бар. Жүргізушілер мен жолаушылар кемпингке орналастырылды. Сондай-ақ Ырғыз ауылы, Әлімбет шекарасында да адамдар бар. Хромтау ауданына облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев Трэкол көлігімен шығып, бақылады. Бір түнде 43 адам құтқарылды. Оның бесеуі бала. Сонымен бірге жүкті әйел жолда қалған. Ол да құтқарылды», — деп хабарлады обдыстық ТЖД баспасөз қызметі.

https://youtu.be/0dG-RX4qe3w

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия