jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында бірнеше ауыл қар құрсауында қалды

17 ақпан 2022, 17:12

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары жол азабын тартып отыр. Соңғы күндері түскен қалың қардың салдарынан өңірдегі бірнеше елдімекенге қатынас үзілді. Ойыл ауданындағы Ақшатау ауылына баратын жол әлі толық ашылған жоқ.

Тұрғындар аудан орталығына қатынау үшін жолды өздері тазалауға мәжбүр. Ауылдықтардың айтуынша, өткен түні көпшіліктің көмегімен елдімекендегі дүкендердің біріне азық-түлік әрең жеткен. Жалпы, Ақшатауға қыс түскелі жол бір рет қана ашылыпты. Дәл осындай жағдай Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында да болды. Жергілікті тұрғындар бұл мәселені әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатыр. Жолға жауапты басқарма өкілдерінің айтуынша, мәселенің туындауына мердігер мекемелердің салғырттығы себеп. Өйткені жолды қыста күтіп-ұстауға қажетті қаражат бөлінген.

Айбек Қайыр, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Ырғыз бен Нұра ортасында жол ашылған. Ал Ақшатауда таңертеңнен бастаған, әлі бітіре алмай жатыр. Осы кешке дейін бітіруі керек. Аудан әкімдігінің өкілдері маған мәлімет беріп отыр. Дизель отыны бітіп қалады кейде. Сондай мәселелерден техника тоқтап қалады. Мәселе мердігерде деп ойлаймын. Сосын басындағы жергілікті атқарушы органдардың тез арада жұмыс істеуі керек.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде