jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында базар жанып кетті (видео)

16 қантар 2021, 13:23

Ақтөбе облысында «Алан» базары жанып кетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жадайлар министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат  хабарлайды. 

«16 қаңтар күні сағат 05.48-де (Ақтөбе уақыты бойынша) Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне Қандыағаш қаласы, «Жастық» мөлтек ауданы, 16 А мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Жедел жеткен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері бір қабатты «Алан» жабық базарының алдын ала болжаммен 700 шаршы метр аумағы жанып жатқаны анықталды. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Өрт сағат 10.25-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды», — деді ТЖМ-нан.

Оқиға орнына Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің 18 қызметкері мен 3 техникасы, Алға ауданынан 5 қызметкер, 1 техника, Ақтөбе қаласынан 9 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған.

«Өртті сөндіруді ұйымдастыруға басшылық ету үшін Ақтөбе облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Аманбаев және Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Қадыров оқиға орнына жетті.

Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін тағы да еске салады. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз», — деді ведомстводан.

https://youtu.be/E3t2b4Lsarc

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия