jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында автогаздың бағасы аспандап кетті

04 қантар 2018, 11:14

Ақтөбе облысында автогаз мәселесі әлі де ушығып тұр. Бұл жолы қымбатшылық басталды. Осы уақытқа дейін Ақтөбедегі жанар-жағар май бекеттерінде осы отынның 1 литрі 49 теңгеден сатылған еді. Енді 6 теңге қосылып, бір литрі 55 теңгеден беріліп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша, олар бағаның өзгеретінін алдын ала білген. Яғни, Энергетика министрлігіндегілер қаңтардан бастап сұйытылған газдың бірден 13 пайызға қымбаттайтынын жоспарлап қойған екен. Ақтөбелік пысықай кәсіпкерлер мұны әп-сәтте пайдаланып, жаңа жылдың алғашқы күнінен-ақ бағаны көтеріп жіберді. Олардан ақтаулықтар да қалысар емес. Мұнда қаңтардың бірінен бері автогаздың литрі 52 теңгеден сатылып жатыр. Бұрынғы бағасы 45 теңге болатын. Ал, Батыс Қазақстанда баға әзірге өзгере қойған жоқ. Дегенмен, ол алдыңғы өңірлерден әлдеқайда жоғары.

Бейімбет Мусин, БҚО ТКШ бөлімінің басшысы:

-Қазіргі уақытта облысымыз бойынша сұйытылған газдың бағасы 68 теңгеден 70 теңгеге дейін қалада. Бүкіл газ станцияларында газ жеткілікті және де бос сатылымда.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды