jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды (видео)

24 маусым 2019, 12:54

пара

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Ведомствоның Ақтөбе облысындағы департаменті өкілдері Мұғалжар ауданы әкімі орынбасары мен Қандыағаш ауылының мектеп директоры пара беруге ниеттенді деген күдікке ілінген. Олар ауданның білім мекемесі басшыларына Білім және ғылым министрлігі комиссия қызметкерлеріне ҰБТ-ның көрсеткішін оң нәтижемен көрсетсін деген мақсатта комиссия мүшелерін қымбат мейрамхана мен қонақүйлерге апаруға міндеттеген. «2019 жылдың 20 маусымында атап өткен адамдар мектеп директорынан 540 мың теңге алған, бұл ақша Ембі қаласының жеті білім мекемесінен жиналған. Күдіктілерді процессуалдық тұтқынға алу шаралары өткізілген жоқ, себебі олар өз кінәларын мойындады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға бойынша соңғы шешімді күдіктілердің кінәсіне қарай сот шығарады», — делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде