jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында «Алтын адам» табылды

26 қазан 2019, 16:00

Ақтөбеден 300 шақырым жерде сармат дәуіріндегі көсемнің мәйіті табылды.Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылына жақын жерде қазба жұмыстарын Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері жүргізді.

Тамыздың басынан бері ғалымдар төрт жерлеу орнын зерттеп жатыр (болжамдалған 15-тен). Олардың бірінен археологтар біздің дәуірге дейін V ғасырда өмір сүрген адамның сүйектерін тапты. Оның киімі алтынмен жалатылған. Ғалымдардың пікірінше, бұл оның қоғамдағы жоғары жағдайын көрсетеді.

Қабірде жылқы да көмілген, ер-тұрман элементтері де қымбат бағалы металмен қапталған.

Экспедиция жетекшісі Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас сарапшысы Арман Бисембаевтың айтуынша, ерте көшпелілердің таңдаулы ескерткіштерін зерттеу облыстың Мұғалжар және Темір аудандарында жүргізіліп жатыр.

«Бұйымдар Алматы облысы Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» дәуіріне жатады. Заттар арнайы мамандарға зерттеуге жіберіледі. Ғалымдар жұмысын жалғасып жатыр, алда жаңа жаңалықтар күтіп тұр», — деді Арман Бисембаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда