jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында 101 жасөспірім қыз жүкті болып қалған

06 ақпан 2019, 11:07


Ақтөбе облысында өткен жылы 101 жасөспірім қыз жүкті болып қалды. Оның екеуі — 14 жастағы оқушы.

 ҚазАқпарат жазғандай, Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылы 101 жасөспірім жүкті болды. Жүкті болған қыздардың 57 пайызы — қала, 43 пайызы — ауылда тұрады. Балалар гинекологы Салтанат Тобылбаеваның айтуынша, жүкті жасөспірімдердің 90 пайызға жуығы — 17-18 жаста, кәмелет жасына толған. Ал 11-і — 16 жаста, екеуі — 15 және екеуі — 14 жаста болды. «Жүкті қыздардың 73 пайызы толық отбасынан шыққан, ата-анасы бар. Ал 27 пайызы толық емес отбасынан тіркелді. Ал 6 қыз өткен жылы жүктілігін үзді. Себебі, 14-15 жасында баланы сақтап қалу қыздардың денсаулығына қауіп төндіреді. Негізі 18 жасқа толмаған қыздар гинеколог дәрігерге ата-анасымен бірге келуі керек. Егер жасөспірім жүкті болса, оны сақтау, үзу тек ата-анасының рұқсатымен, қамқоршысының келісімімен жасалады. Дәрігер ретінде айтарым, отбасында тәрбие жоқ. Бұрын балалар сөйлесіп, ішіндегіні айтса, қазір балалар өзі туралы сыр ашпайды, тұйық. Өз проблемаларымен оңаша қалып қойған», — дейді балалар гинекологы Салтанат Тобылбаева. Ақтөбе облысында жыл басында оқушы қыздың жүкті болғаны анықталды. Гинеколог дәрігер Гүлнар Жанбосынованың айтуынша, қаңтарда оқушы қыз тексерілуге келген. «Кәмелет жасына толмаған қыз кеңес алуға келді. Ол тұрғылықты мекенжайы бойынша гинеколог дәрігерге қаралуы тиіс. Дәрігерлік кеңес комиссиясына да шақырылады. Дәрігерлер жүктілікті сақтау немесе үзу туралы шешім қабылдайды. Ата-анасымен келмеген соң қарамай, тұрғылықты мекенжайына жібердім. Содан бері хабар жоқ», — дейді Гүлнәр Жанбосынова. Айта кетейік, балалар гинекологы кәмелетке толмаған жүкті қыздарды анықтаған кезде бірден облыстық денсаулық сақтау басқармасына жібереді. Ал денсаулық сақтау басқармасы полицияға хабар береді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда