jasqazaq.kz

Ақтөбе облысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсенді қатысуда

01 тамыз 2024, 12:41

Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында «Таза кәсіп – Таза аймақ» өңірлік акциясы өтті. Акция аясында Ақтөбе облысындағы шағын, орта және ірі бизнес ұйымдары өздеріне іргелес аумақтар мен аулаларды тазартты. Сонымен қатар, акция аясында Ақтөбе қаласының әкімдігі «Ақтөбе қаласының кәсіпорындары және ұйымдары арасындағы абаттандырылған аумақ» байқауын жариялаған болатын.

Байқаудың мақсаты – қаланың сыртқы келбетін жақсартуға ықпал ету, санитарлық жағдайды жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалалық кәсіпкерлік нысандарының арасында ең жақсы абаттандырылған аумақты анықтау.

Байқауға 14 кәсіпкерлік нысан қатыстыОлардың қатарында «Динар-Электромаш» ЖШС, «Jadyra’S» және «Классик» сауда үйлері, «Інжу», «Жас отау» мейрамханалары, «Дару жарығы»офтальмологиялық орталығы сияқты белгілі ұйымдар бар.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мерекелік шара ұйымдастырылып, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталады.

«Энергия» сауда үйінің қызметкері Нина Доценко шарадан алған өз әсерімен бөлісті. Оның пікірінше, жалпыұлттық экологиялық акция өткізу бастамасы біздің облыс үшін де, жалпы ел үшін де өте өзекті. «Бүгін біз ертеңгі күніміздің тазалығына жауаптымыз. Алдағы уақытта осындай игі шараларға атсалысатын жанашыр азаматтардың қатары көбейеді деп ойлаймын», — деп атап өтті Нина Владимировна.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, өзендердіңэ, бұлақтардың жағалауларын тазарту және т. б. бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

Жалпы, ақтөбеліктер ел Президентінің үндеуін зор ықыласпен қабылдап, өткізіліп жатқан барлық шараларға белсене атсалысуда.

Айта кету керек, биылғы сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» акциясына облыста 279 077 тұрғын, 6 672 мекеме мен кәсіпорын қатысты.

Ақтөбе облысының әкімдігі 

 

 

Бүгін, 14:29
Школы Туркестанской области вступают в цифровую эпоху
Бүгін, 14:14
Туркестан: В школах «Келешек» реализуются современные образовательные проекты
Бүгін, 13:54
В Туркестанской области активизируют работу по обеспечению занятости населения
01 маусым, 14:55
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ