jasqazaq.kz

Ақтөбе облысы аумағында әлі де жолдар жабық

18 ақпан 2021, 11:34

Ақтөбе облысы аумағында облыстық және республикалық маңызы бар бірнеше жолға шектеу қойылған.

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, жолдар кеше жабылды. 17 ақпан күні 20:40-та ауа райының нашарлауына байланысты облыстық тас жолдарда барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Олар: 1. «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк шекарасы» (0-372 ш. Шұбарқұдық аауылы — Соль-Илецк шекарасы). 2. «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» (17-191 ш. Сазды ауылы- Шұбарқұдық ауылы). 3. «Покровка-Темір-Кеңкияқ-Ембі» (0-179 ш. Покровка ауылы- Ембі қаласы). 4. «Дөң-Бадамша «Ақтөбе-Орск»» (0-82 ш. Дөң ауылы- Бадамша ауылы). Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ЖШС-нің мәліметіне сүйенсек республикалық маңызы бар жолдар да жабық.

17 ақпан күні сағат 20: 45-те ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе-Атырау-Астрахань шекарасы тасжолының 92 шақырымынан (Қандыағаш қаласы) — 330 шақырымына дейін (Ноғайты ауылы), Cолтүстік айналма тас жолының 29 шақырымынан — 35 шақырымына дейін шектеу қойылды. Сонымен бірге 18 ақпан күні 00:10-да «Ақтөбе — Орск» тас жолының 39 шақырымынан (Ш. Қалдаяқов ауылы) 136 шақырымына дейін (Орск шекарасы) жүк және жолаушы автокөліктері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде