jasqazaq.kz

Ақтөбе облысы әкімдігіне басып кірген күдіктілердің видеосы жарияланды (Видео)

19 қантар 2022, 14:33

Ақтөбе облыстық полиция департаменті облыс әкімдігінің ішіне кіріп, заттарды сындырып, қиратқан күдіктілердің әрекетін көрсетті. Бейнебақылау камерасындағы жазбаны жариялады.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 5-қаңтарда түсірілген бейнематериалдарды жариялады. Онда бір топ адамның өрт сөндірушілер көлігіне тарпа бас салып, сындыруға әрекеттенгенін көруге болады.

«Тәртіпсіздік кезінде Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметтік автокөліктеріне шабуыл жасалған. Қылмыскерлер өрт сөндіру көлігін басып алуға тырысты және екі өрт сөндірушіні таяқтады», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сондай-ақ облыс әкімдігіне бір топ адам кіріп, ондағы мүлікті қирата бастаған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

«5 қаңтардағы митинг кезінде наразылық білдірушілер Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын басып алды. Бірнеше кабинетті қиратып, тұрмыстық техниканы ұрлап, зақымдады. Наразы топтың жиһаздар мен терезелерді сындырғаны видеода көрініп тұр», — деп жазылған баспасөз парағында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде