
Ақтөбе» клубының хоккейшілері жоғарғы лигадағы кезекті ойынға қатысу үшін жолға шығып, қар құрсауында қалып қойған.Бұл туралы «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
28 спортшы Ақтөбеден Петропавл қаласына Қостанай арқылы 5 қаңтарда жол жабылғанға дейін шығып кеткен. Олар Қазақстан чемпионатының екінші кезеңіне бара жатқан. Хоккейшілермен бірге екі бапкер және екі жүргізуші болған. Кешкісін ауа райы бұзылып, ойыншылар Тимирязев — Сарыкөл — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы тасжолында тұрып қалған.
Автобусты қар құрсауынан шығару үшін автогрейдер мен бульдозер көмегіне жүгінген. Тимирязев ауданының әкімі спортшылар үшін түскі ас ұйымдастырды. Ойын 7 қаңтарда Петропавл қаласындағы Винокуров атындағы спорт кешенінде өтеді. «Ақтөбе» және «Қызылжар» хоккей клубтары кіл мықтыны анықтайтын болады», — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.