jasqazaq.kz

«Ақтөбе» хоккей клубы қайта құрылды

05 қазан 2018, 16:20


Арада 28 жыл өткенде «Ақтөбе» хоккей клубы қайта құрылды. 

ҚазАқпарат жазғандай, Қазақстан хоккей федерациясы Ақтөбеде шайбалы хоккейден жастар лигасын құру бойынша шешім қабылдады. «Ақтөбе» ХК 7-8 қазан аралығында республикалық жастар хоккей лигасының маусымдық ашылуында алғашқы ойынын өткізеді. Алғашқы ойында «Ақтөбе» хоккей клубы петропавлдық «Құлагер» командасына қарсы матчта ойнайды. «Енді бізде хоккей клубы бар. Бұл спорт түрінің қайта жандануы аймақта қысқы спорт түрлерін дамытуға және жастардың қызығушылығын одан әрі арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, клубтың бас бапкері — словакиялық Юлиус Пензес. Бұған дейін «Ертіс» командасын жаттықтырған. Қазіргі уақытта, Ақтөбе өңіріне шақыртылып, өз жұмысын бастап кетті», — деді Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов. Айта кетейік, 7-8 қазан аралығында республикалық жастар хоккей лигасының маусымдық ашылуы Ақтөбеде жаңадан бой көтеріп жатқан Мұз сарайында өтеді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді