jasqazaq.kz

Ақтөбе тұрғыны балконында 2 келіге жуық есірткі сақтаған

22 мамыр 2019, 11:58


Ақтөбелік өз пәтерінің балконында 2 келіге жуық есірткі сақтаған.  Күдікті есірткі шөбін саяжайдан орып алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға пәтерінде есірткі өнімін сақтайтын тұрғын туралы жедел ақпарат келіп түскен. Ақпаратты тексеру барысында 30 жастағы азаматтың үйінен 1 келі 949 грамм болатын марихуана тәркіленді. «Күдікті есірткі шөбін бос қалған саяжайлардан өзіне пайдалану үшін теріп алғанын айтты. Тағы бір тұрғын 18 мамырда ерікті түрде полиция қызметкерлеріне бір келіден астам марихуана тапсырды. Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің «Есірткі өнімін заңсыз пайдалану» бабы бойынша сот алды тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Айта кетейік, жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 116 келі есірткі (марихуана) тәркіледі және есірткі жасауға қатысты 20 деректі анықтады.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі