jasqazaq.kz

Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі өз-өзіне қол жұмсаған (видео)

09 қантар 2018, 13:51

Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі өзіне табель қаруынан оқ атқан. Ер адам 35 жасқа толуына екі күн қалған кезде өз-өзіне қол жұмсаған, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

«Ақтөбе Арнайы күзет қызметі басқармасы» Мемлекеттік мекемесіндегілер бүгін, 9 қаңтарда осы төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді. «Полицияның кіші лейтенанты Ақтөбе әкімдігінің әкімшілік ғимаратында күзетші қызметін атқара отырып, ішкі ауладағы қақпада пм-9 мм табель қаруынан өзіне қол жұмсады. Осы дерек бойынша сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады «Ақтөбе Арнайы күзет қызметі басқармасы» өкілдері. Қаза болған ер адам 34 жаста болған. Ол 10 қаңтарда 35 жасқа толар еді. Ер адам Ішкі істер органдарында 2010 жылдың мамырынан бастап жұмыс істеген. Үйленген, артында екі баласы қалды. Суицидтің себептері анықталып жатыр. Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбе әкімдігінің территориясында ер адамның өлі табылғаны хабарланған болатын. Ер адамның денесі жұмыс уақыты аяқталған кезде табылған. Кешкі жеті шамасында Ақтөбе қалалық әкімдігіне полицейлер, тергеушілер және криминалистер келген.

https://youtu.be/elW_OmweBuU

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды