jasqazaq.kz

Ақтауға 3 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келді

11 қараша 2019, 13:23

Ақтауға 3 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келді. Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған.

Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. Ауа райы суытқан соң оңтүстікке, яғни Хазар қорығына немесе одан да әрі Иран жаққа өтіп кетеді. «Жүздеген қоқиқаз Қаракөлде қыстап қалуы мүмкін. Қаракөлден басқа олар Түпқараған ауданы төңірегіндегі Түлен аралдарында болады, ол жерде су қатқан жағдайда Қаракөлге келеді. Өмір сүруге қолайлы жағдайға байланысты екі ортада ауысып отырады»,-дейді «Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік қауымдастығы кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов. Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, Қаракөл аумағы – «Қызыл кітапқа» енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында. Айта кетейік, қызғылт түстес, ірі денелі құстар, негізінен тропикалық елдерде ұя салады.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда