
«Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтауда көшенің қақ ортасынан ер адамның мәйіті табылды. Осыған байланысты, қазір «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Маңғыстау полиция департаменті хабарлады деп жазады Lada.kz сайтына сілтеме sn.kz.
Мәйітті 7 қазан күні түнгі сағат 3 шамасында тәртіп сақшылары тапты. «Біздің қызметкерлер «Три короны» тұрғын үй кешені маңындағы жерде жатқан азаматтың денесін тапты. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлімі бойынша қозғалды. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр», — деді Маңғыстау полициясы департаментінде.
https://youtu.be/DqRb4GwkaXo