jasqazaq.kz

Ақтаудың экс-судьясы айтқан сөзінен айнып қалды

15 ақпан 2019, 21:45

Судья сөзін қайтып алды. Жоғарғы соттан қысым көрдім деп шағымданып, халықаралық құқық қорғаушылардан араша сұраған Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжәлиев бүгін өз сөзінен бас тартты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тәжірибелі судья жақында басшылықтан көрген құқайын видео үндеу арқылы көпшілікке жолдаған еді. Тіпті, өзіне қолдау қажеттігін айтқан ол АҚШ, Канада және Еруопарламент депутаттарынан көмек сұрады. Айта кетейік, маңғыстаулық судья төңірегіндегі дау бір аптадан бері өршіп тұр. Алғашында ол жұмысынан босатылды. Бұған Кенжәлиевтің Каспий жағалауындағы үйін тұрғызған өзбек құрылысшыларының бригадирімен жанжалдасқаны түсірілген бейнежазба себеп болған. Алайда, іле-шала судья барлығын экстермизм бабы бойынша айыпталған Айгүл Ақбердіні ақтап үкім шығарған әрекетімен байланыстырып келген. Бірақ, бүгін Астанада Жоғарғы сотқа келген Кенжәлиев саяси ойынның құрбаны болғанын айтады. Жымысқы қулық пен саяси технологияның ойынына айналдым деген ол, ешкімге наразылығым жоқ дейді.

Мәлік Кенжалиев:

— Соңғы кездегі маған қатысты оқиғалар менің көзқарасыма қайшы келетінін мәлімдеймін. Кейбір құқық қорғаушылардың саяси ұпай тауып, олардың ойынына тап болдым. Судья ретінде Айгүл Ақбердінің ісін қарау кезінде де олардың арбауына түсіп қалдым. Оны байқамай қалдым дер кезінде. Менің атымды олар сот жүйесі және мемлекетімізге деструктивті сын айту үшін пайдаланып отыр. Тағы да айтамын, ешкімнің құқықтық қорғауын қажет етпеймін. Менің аты-жөнімді саяси ұпай жинау үшін пайдалануды тоқтатуды талап етемін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде