jasqazaq.kz

Ақтаудағы жарылыстың алдын ала себебі аталды (Видео)

08 қараша 2021, 10:32

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров жарылыстың алдын ала себебін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш департаментке сілтеме жасап хабарлайды.

Түнгі сағат 9:25-те Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына Ақтау қаласының 29-шы шағын ауданындағы «Шерқала» екі қабатты кешенінің аумағында жарылыс болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Жарылыс болған жерде жедел штаб құрылды. Облыс әкімі, азаматтық қорғау қызметінің басшысы, Ақтау қаласы әкімдігі оқыс оқиға болған жерде жүр. Авариялық-құтқару жұмыстарына 70 адам, 11 техника, төтенше жағдайларды жоюдың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сондай-ақ 150 полиция қызметкері, 20 техника, азаматтық қорғау инженерлік қызметі және энергетика қызметтері тартылды. Кинологиялық қызметтің барлауы бойынша, жарылыс орнында зардап шеккендер жоқ екені анықталды. Мұны «Шерқала» кешені иесінің барлық жұмысшылардың жұмыс күні аяқталып, кешкі сағат 18-20 шамасында ғимараттан шығып кеткені туралы сөзі де растайды. Жарылыстың алдын ала себебі газ-ауа қоспасының ағуынан болуы мүмкін. Қазірдің өзінде оқиға орнынан екі газ баллоны шығарылды. Аталмыш кешен айтуынша, үйінділердің астында тағы екі газ баллоны бар. Олардың әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр. Толығырақ ақпарат оқшаулау және жоюдан кейін беріледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде