jasqazaq.kz

Ақтаудағы атыстан екі адам жараланды

05 тамыз 2019, 17:53

Ақтау қаласында дәмханаға келушілер арасындағы жанжал соңы атысқа ұласты, 2 адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атыста зардап шеккен 2 жігіт жедел ауруханаға жеткізілген. Олардың айтуынша, сөзге келіспеушілік соңы атысқа ұласқан. «Бірі 1993 жылғы. Оның аяғына оқ тисе, екіншісі 1992 жылғы. Оның сол жақ білегіне оқ тиген. Алғашқы көмек көрсетілген соң, екеуі де амбулаторлық емдеуге жіберілді», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Аталған дерекке қатысты «бұзақылық» бойынша іс қозғалған. «Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі бойынша іс қозғалды», — дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Осы іске қатысы бар күдікті ұсталып, соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда