jasqazaq.kz

Ақтауда жолаушы әйел такси жүргізушісіне шабуыл жасады (Видео)

24 мамыр 2022, 15:08

Әлеуметтік желілерде такси жүргізушісі мен жолаушы әйел арасындағы жанжалдың видеосы тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрларда әйел жүргізушіге айғайлап, балағаттайды, тепкілейді.

Зардап шеккен жүргізушінің сөзінше, оқиға 21 мамырда 12-шағынауданда болған.

«Сенбіде таңертең тапсырыс қабылдап, 12-шағынаудан, 32-үй мекенжайына келдім. Мен келгенде әйел күтіп тұрды. Мен оған сөмкелерді салуға көмектестім, содан кейін көлікке отырдық. Ол телефонмен сөйлесіп, біреумен ұрыса бастады. Сөйлесіп болған соң маған айғайлап, балағаттады. Мені «білімсіз қалпақ» екенімді, «шабуыл жасадың» деп полицияға арыз жазатынын айтты. Содан кейін мен оған ешқайда апармайтынын, көліктен шығуын өтіндім. Алайда ол әйел маған қарай атылды. Сол сәтте оның менен бірдеңе тілеп тұрғанын түсіндім, бірден видеоға түсіре бастадым», — дейді жүргізуші Еспол.

Жәбірленушінің айтуынша, ол жолаушымен жанжалдасқысы келмеген, жай ғана көліктен шығуын өтінген. Бір сәтте әйел сөзден іске көшіп, алдымен жүргізушінің бүйірінен тепкен, содан кейін аяқ киімін шешіп, басын ұра бастаған. Такси жүргізушісі басынан жарақат алды.

«Қанды көргенде ол көліктен шығып, сөмкелерін алып, жолдың қарама-қарсы жағына басқа таксиге қарай жүгірді. Мен бірден полицияға қоңырау шалдым. Олар тез әрекет етіп, ұстап алды, полиция бөлімшесіне жеткізді. Онда да өзін жөнді ұстамады. Мен оған арыз жаздым. Дәрігер жарақатты тіркеді, — деді жүргізуші.

Әйел жауапқа тартылды ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді