jasqazaq.kz

Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз үш күннен кейін табылды

17 мамыр 2022, 15:00

Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 17 мамыр күні сағат 07.15 шамасында 6656-әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Бағлан Әділбеков Ақтау қаласындағы полиция тірек пунктіне өзі келген. «Бұдан бұрын қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 14 мамыр күні патрульдік күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімге келмей, өздігімен белгісіз бағытта кетіп қалған. Сарбаз ата-анасымен кездесті. Қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр