
Заңсыз бизнесті ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ақтаудағы сауналардың бірінен жезөкшелер ордасы анықталып, бір топ қыз-келіншек ұсталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жезөкшелер ордасын полицейлер газеттегі астыртын жарнама арқылы анықтайды. Ол араға полиция қызметкерлері тұтынушы ретінде барған. «Шамамен түнгі 12-де ақшаға интим қызметін көрсеткен 12 қыз-келіншек пен оларды тасымалдаушы 3 жүргізуші ұсталды. Ұсталған 12 әйелдің екеуі Өзбекстан азаматы болып шықты, қалғаны жергілікті тұрғындар. Олардың барлығы тіркеуге алынып, есепке қойылды», — дейді департаменттің баспасөз қызметі. Заңсыз бизнесті ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады жергілікті Тумба басылымы.
Дереккөз: Sputnik