jasqazaq.kz

Ақтауда тыйым салынған препарат сатқан дәріхана анықталды

06 қараша 2019, 22:38

 

Ақтауда профилактика шарасы кезінде тыйым салған препаратты рецептісіз сатқан дәріханалар анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев хабарлады.

«Жалпы, бізде «Допинг» профилактикалық шарасы өтеді. Онда аптекалар, ауруханалар тексеріледі. Құрамында есірткі бар препараттар болады, оны рецептісіз сатады. Ондай фактілерді анықтап, 2 дәріхана иесі жауапқа тартылды. Оларға 50 АЕК, 100 АЕК айыппұл салынды», — дейді МО Полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев.

Жалпы, жыл басынан бері 278 тұлға есірткі қылмысына қатысты жауапкершілікке тартылса, 394 заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде есірткіні ірі көлемде сақтау фактісі — бесеу, есірткі құрамдас өсімдікті өсіргендігі туралы төрт дерек тіркелген. Сондай-ақ, есірткі тасымалдаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. 5 адамнан тұратын топ осы уақытқа дейін ірі көлемде қауіпті заттарды сатып келген.

«2 есірткі контрабандасы фактісі анықталды. 3 есірткі притондарын ұйымдастыру және ұстау дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 197 кг 865 грамм әртүрлі есірткі заттар тәркіленді. Оның ішінде 630 героин заңсыз айналымнан алынды», — дейді Алтынбек Қалиев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда