jasqazaq.kz

Ақтауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты (видео)

06 тамыз 2020, 13:44

Ақтауда кеше күні бойы жауған жаңбыр салдарынан орталық көшелер суға толып, жаңадан салынған көпқабатты үйлердің шатырынан су кетті.

Желіде Ақтау тұрғындарының үйлерінен кеткен суды жұмыла өздері тазалап жатқаны түсірілген видеолар пайда болды. «Алматыдағыдай жиі жаңбыр жауса, Ақтаудың үйлері шыдамайтыны көрініп тұр екен ғой» деген пікірмен таратылған видеода жаңбыр суының шатырдан бастап, бірінші қабаттағы баспалдаққа дейін ағып жатқаны байқалады. Видеодағы көріністің 19 шағынаудандағы «Тыныштық» тұрғын-үй кешенінде болғаны анықталды. Ақтау қалалық әкімдігі тарапынан аталған үйдің бұзылған жерлері жөнделетіні айтылды. Бұдан бөлек, орталық көшелерді су басты. Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, көшелердің суын соруға 35 адам жұмылдырылған. «Ағымдағы жылдың 5-ші тамызынан 6 тамызына қараған түні қала бойынша толассыз жауған жауын-шашын салдарынан қаладағы жолдарға су жиналды. Жауын суын сорғыту мақсатында коммуналдық кәсіпорындардан барлығы 4 бойлер-ассенизаторы, 10 мотопомпасы және 2 су сорғыш көлігі (ПНС) үздіксіз күні-түні қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта 31а, 31б, 32а, 32б шағынаудандардың жол қиылысы мен 1 шағынаудан облыстық тіс емханасы маңы судан тазартылуда. Сонымен қатар, су жиналған орындарды тазалауға «Қала жолдары» ЖШС-нен 15 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 20 адам жұмылдырылды»,-деп хабар таратты баспасөз қызметі.

https://youtu.be/F4__STjVBwA

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия