jasqazaq.kz

Ақтауда сот судьясына пара тастап кеткен белгісіз әйел іздестіріліп жатыр (Видео)

02 маусым 2021, 10:54

Судьяны сатып алмақшы болған. Ақтауда Маңғыстау облыстық сотының судьясына қомақты қаржы тастап кеткен белгісіз әйел іздестіріліп жатыр.

Өзін таныстырмаған әйел сот ғимаратына келіп, судья Ғабит Бастаубаевпен кездескісі келетінін айтқан. Алайда мамандар оған ішке кіруге рұқсат жоқ депті. Осыдан кейін ол ішінде сыйлығы бар пакетті судьяға табыстауды өтініп кетіп қалған. Күмән туғызған дорбаны ашуға жүрексінген мамандар жедел тергеу тобын шақырытқан. Тінткен кезде пакеттің ішінен 300 мың теңге ақша мен қымбат иіс су табылды.

Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

— Жедел тергеу тобы аталған пакетті ашып, оның ішінде 300 мың теңгемен бірге ақ қорап анықтады. Қорапты алдын ала жарылғыш зат бар-жоғын анықтау мақсатында іс-әрекет жүргізіліп, жарылғыш заттың жоғы анықталған кезде одан иіссу алынды. Қазір тергеу жүргізілуде.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде