jasqazaq.kz

Ақтауда шұбат ішіп, бауырсақ жеуден сайыс өтті

30 тамыз 2018, 10:56

Ақтауда шұбат ішіп, бауырсақ жеуден сайыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат mangystaumedia.kz сілтеме жасап.

Ақтау қалалық жастар орталығы мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен өткен шара Конституция күніне орайластырылды. Саябаққа жиналған көпшілік орталық дайындаған мерекелік концертті тамашалады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар қазақтың ұлттық дәстүрін, ұлттық тағамдарын насихаттауды көздеген. Осы мақсатта көрермендер арасында «Шұбат ішу», «Бауырсақ жеу», «Қарбыз асау» сайыстары өткізілді. Әр сайысқа қатысуға ниеттілер көпшілік арасынан сол сәтте анықталды. Олардың жылдамдықтары сыналып, тағамды ең бірінші тауысқандары үздік деп танылды. «Мен мұнда концерт тамашалауға келгенмін. Шынымды айтсам, мұндай сайыстар ұйымдастырылатынын білмедім. Дегенмен сайысты хабарлаған кезде қатысып көрейін деп шештім. Күнделікті өмірде үш стақан шұбатты бірден ішіп тауыса алмаймыз ғой, оның үстіне ыдыс үлкендеу. Бірақ барынша жылдам болуға тырыстым», — дейді шұбат ішуден сынға түскен Гүлмира Бердіқұлова. Ұйымдастырушылар сайыс үшін ауылдан арнайы бірнеше литр шұбат алдырып, қап-қап бауырсақ әзірлеген. Жүлдегерлерге орталық әзірлеген арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Айта кетейік, жеңімпаздарға шұбат, бауырсақ, қарбыз да сыйға берілді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді