
Әлеуметтік желілерде Ақтаудағы жағажайда болған жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқиға 22 маусымда “Достар» жағажайында орын алған. Төбелес күндізгі уақытта болған. Жігіттердің айналасында көптеген демалушылар жүрген, олардың кейбіреулері қақтығысқа қатысқандарды ажыратуға тырысты.
Ақтау полициясы үш жігітті учаскеге алып кетті.
«Олардың екеуі кәмелетке толмаған болып шықты, Ақтау ювеналды полиция қызметкерлеріне берілді, олар ӘҚБтК-нің 127 бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау” және 434 “ұсақ бұзақылық” баптары бойынша әкімшілік хаттама жасады», – деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары төбелестің қалған қатысушыларын анықтауға уәде берді.